Астанада әскери парадқа дайындық қалай жүріп жатыр

Бүгiн, 14:20 196

Елордада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа дайындық аяқталуға жақын. Бұл туралы Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Индустриалды қалашықта қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов бөлімшелер мен техникалық экипаждардың дайындығын тексеріп, жүргізушілердің шеберлігі мен қажетті маневрлерді орындай білуін бағалады.

Жеке құрам салтанатты шеруге дайын. Күніне кемінде төрт сағаттық жаттығулар өтеді. Біздің мақсатымыз – Қазақстан халқына әскеріміздің қауқары мен күш-қуатын көрсету, – деп атап өтті Құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасары – зымыран әскерлері мен артиллерия бас басқармасының бастығы полковник Тілек Серікбаев.

Әскери шеру 7 мамыр, Отан қорғаушы күні, «Қазақ елі» монументінің жанындағы Тәуелсіздік алаңында өтеді. Оған 4 мыңнан астам әскери қызметші, 200-дің үстінде қару-жарақ пен әскери техника тартылған. Шерудің әуе бөлігіне майдандық, армиялық және әскери-көліктік авиацияның 66 ұшу аппараты қатысады. 3 және 5 мамыр күндері жаяу есептоптардың, әскери техника мен авиацияның қатысуымен басты жаттығуларды өткізу жоспарланған.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: