Астанада артық салмақ үшін жүк көліктеріне қомақты айыппұл салынады

23 Тамыз, 17:18 445

Астанада ауыр және ірі көлемді көліктеріне 3 миллион 700 мың теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін. Қыркүйек айында елордада көлік өлшейтін автоматтандырылған жүйе іске қосылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық әкімдік мәліметінше, бұл жүйе жүк көліктерінің салмағын бақылауға, қаланың көлік инфрақұрылымының жалпы деңгейін жақсартуға, өзге де көліктердің кедергісіз жүруі үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.

Жүйе қазірдің өзінде сынақ режимінде жұмыс істейді. Автоматтандырылған өлшеу жүйесі қалаға негізгі кіреберістерде: Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Қосшы қалалары, сондай-ақ Қараөткел және Малотимофеевка кенттері тарапынан орнатылған. Соңғы айда 10 мыңнан астам бұзушылық тіркелді.

Осылайша, «Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерін бекіту туралы» ҚР ИИДМ-нің 2015 жылғы 26 наурыздағы №342 бұйрығына сәйкес көлік құралдарының рұқсат етілген массасы мына келтірілген нормадан (тоннамен) аспауы тиіс:

- үш осьті (М3 санатындағы буынды автобустарды қоспағанда) – 25 тонна;
- төрт осьті, оның ішінде екі басқарылатын осі бар – 32 тонна;
- бес осьті – 38 тонна
- алты немесе одан да көп осьтері бар – 44 тонна.
Осылайша, жалпы салмақ жүктің де, көліктің де салмағын қамтиды.

Барлығы 7 автоматтандырылған өлшеу жүйесі, олардың әрқайсысы автокөлік құралының динамикасындағы оське шаққандағы массаны өлшейді және рұқсат етілген салмақ параметрлерінен асып кету жағдайларын тіркейді. Автокөліктің шамадан тыс салмағы анықталған кезде жүйе автоматты түрде фотофиксация жасайды, содан кейін ақпарат көлік дерекқорының ақпараттық-аналитикалық жүйесіне беріледі. Бұл Көлік комитетіне салмақ нормаларынан асып кетуге байланысты құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларды жедел жіберуге мүмкіндік береді.

Айналып өту және өлшеуден жалтару тіркеледі, ал талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жаза қарастырылған. Көлік құралдарын өлшеу қозғалыс барысында жүзеге асырылады.

Айыппұлдардың мөлшері оське шаққандағы салмақтың арту дәрежесіне байланысты және кәсіпкерлік түріне байланысты – шағын, орта немесе ірі – 40 АЕК-тен (147 мың 680 теңге) 1000 АЕК-ке (3 млн 692 мың теңге) дейін өзгеруі мүмкін.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: