Астанада алты автобустың бағыты өзгерді

25 Тамыз, 12:45 356

«City Transportation Systems» ЖШС Астанада 6 автобустың бағыты өзгергенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін, № 17, 44, 47, 54, 56, 61 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді, — делінген мәліметте.

City Transportation Systems сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: