«Оператор РОП» компаниясының құрылтайшысына қатысты алдын ала тыңдау басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астанада «Оператор РОП» ЖШС ресми құрылтайшысы Шынар Мұхтароваға қатысты алдын ала тыңдау өтіп жатыр.
Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2-пункті және 28-баптың 3-бөлігі бойынша (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету) айып тағылып отыр.
Адвокаттар сот отырысынан фото/бейнетүсірілім жасамауды және күдіктінің бұлтартпау шарасын жеңілдетуді талап етті.
Бұған дейін компанияның сотталған бұрынғы басшылары негізгі құрылтайшы Әлия Назарбаева өзінің үй күтушісі Мұхтарованың атынан шешім қабылдап отырғанын мәлімдеген еді.