Астанада алғашқы Орталық Азия медиа форумы басталды

20 Желтоқсан 2022, 10:19 1946

Халықаралық деңгейдегі 100 өкіл өңірдегі медианы дамытудың өзекті мәселелерін талқылайды

Жиынға мемлекет және қоғам қайраткерлері, экс-президенттер, халықаралық ұйымдардың басшылары, медиа саласының майталман мамандары мен танымал тұлғалар арнайы қатысады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жаңа медианы дамыту, жасанды интеллект технологияларын медиада қолдану мәселелерінің шешімін табу мақсатында ұйымдастырылып отырған форумда Орталық Азияда ортақ медиа кеңістік құру идеясын қарастырылады. Бірыңғай медиа платформа қалыптастыру - өңірлік және жаһандық кооперация мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Айым Даниярқызы
Бөлісу: