Астанада алғаш рет қазақ-түрік тағамдарының жәрмеңкесі өтті

22 Сәуір, 08:45 641

Астанада «Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы аясында қазақ-түрік тағамдарының жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, жәрмеңке Байқоңыр ауданы әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылды.

Жәрмеңкеге түрік елінің әйгілі бөректері, симиттері және ірімшік пирогтары ұсынылды. Сондай-ақ тұрғындарға бауырсақ, құрт, ірімшік, шай таратылды.

Ататүрік саябағында өткен жәрмеңкеге Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті Елшісі Мұстафа Капучу және Түркияның басқа да өкілдері, сондай-ақ Астана қаласы әкімдігінің басшылығы, Байқоңыр ауданының белсенді тұрғындары мен ерікті жастар қатысты.

Перизат Саденова
Бөлісу: