Елордада ертең бірінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары сабақты онлайн оқиды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қашықтан оқуға ауа райының суытуы себеп болып отыр.
2022 жылғы 8 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстыралады, - делінген Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы» таратқан хабарламада.