Астанада 700 тонна қоқыс жиналуға себеп болған кәсіпкерге айыппұл салынды

27 Мамыр 2023, 18:22 965

Астанада 700 тонна қоқыс үйіндісіне себеп болған кәсіпкерге айыппұл салынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Нұра ауданы әкімдігінің қызметкерлері аумақты аралау кезінде қоқыс толы камазды байқаған. Машина қалдықтарды шығару үшін бос жерлерге қарай бет алғаны белгілі болды. Қоқыс төгуге рұқсат етілмеген аумақта пайдаланылған құрылыс материалдарын шығару фактісі тіркеліп, табиғат қорғау полициясына беріліп отыр. 

Көліктің қай ұйымға тиесілі екеі анвқталып, жауапқа тартылды.Тәртіп бұзушы жеке өзі 30 ауыр жүкті жалдау ақысын төледі, олар 700 тонна стихиялық үйіндіні жойып, жиналған қоқысты арнайы полигонға шығарды. Сонымен қатар, кәсіпкерге әкімшілік айыппұл салынды.

Нұра ауданында заңсыз қоқыс төгілген 8 негізгі орын анықталды. Жүйелі жұмыстың арқасында қаланы ластайтын жосықсыз кәсіпкерлердің бірі табылды. Мысалы, бір күн бұрын олар осы учаскелерді аралап шыққан болатын. Ол кезде қоқыс көлемі мұндай үлкен емес еді, жосықсыз кәсіпкерлердің тек түнде келетіні анықталды. Осы бағыттағы жұмысты аудан бойынша жалғастырамыз, – деді Нұра ауданы әкімінің орынбасары Руслан Оралов.

Қазір Астанада қайта өңдеу үшін құрылыс және басқа да ірі қалдықтарды төгуге болатын 2 санкцияланған полигон жұмыс істейді. Басқа учаскелерде қоқыс төгілсе заң бойынша жаза қарастырылған.

Асқар Таудай
Бөлісу: