Астанада 6 шілде күні дрондар шоуы өтеді

5 Шілде, 11:55 868

ЭКСПО аумағында 6 шілде күні сағат 18:00-де «Open Air» мерекелік концерті өтеді. Концерт аяқталғаннан кейін дрондар шоуын өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық әкімдік мәліметінше, дрондар шоуының болжамды уақыты – сағат 22:15-те (22:30). Дрондар шоуы үшін аспанға радиомен басқарылатын 1250 аппарат ұшырылады, оның 70-і – пиротехникалық дрон. Бұл – дрон симбиозы мен пиротехниканың жаңа технологиясы. Шоу қазақстандық және шетелдік композиторлардың әуенімен үндестірілетін болады.

Шоу демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: