Астанада 5-сынып оқушылары жылыжайда лимон өсіріп, өнім алып отыр

3 Желтоқсан, 07:32 297

Астанадағы №8 мектеп-лицейінің 5-сынып оқушылары «Жасыл клуб» жобасы аясында «Жасыл мектеп» жылыжайында екі жылдан бері баптап өсірген лимон ағаштары жеміс бере бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Екі жылда бір рет жеміс беретін лимонның күтімін өздері жасаған оқушылар оның бүршік жарғанын асыға күткен. Мектеп оқушылары бұдан бөлек, жылыжайда қияр, қызанақ, аскөк көкөністері мен құлпынай, жидектер және жалбыз өсіруде. 

Қала әкімдігі ұсынған мәліметке сүйенсек, бос уақыттарын оқушылармен бірге тиімді пайдаланатын жоба жетекшілері де өсімдіктерге күтім жасайды.

Айта кетейік, бүгінде Б.Өтемұратов қорының қолдауымен Астана қаласы бойынша №8, 20, 37, 42, 43, 49, 58, 61, 67, 68, 69, 80, 83, 88, 78, 90, 87, 82, 79 мектептері мен Сервис және туризм колледжінде жылыжайлар ашылып, оқушылар мен студенттер әртүрлі жемістерді өсіріп, өнім алып отыр.

 

Зарина Арман
Бөлісу: