Қаланың коммуналдық қызметтері қыс мезгілінің басынан бастап тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана әкімдігінің мәліметінше, 7 ақпанда күндізгі ауысымда қар күреу жұмысына 2 640 жол жұмысшысы және 1 600-ден астам арнайы техника шықты.
7 ақпанға қараған түні елордадан қар полигондарына 3 066 рейспен 41 мың текше метрден астам қар шығарылды. Қыс мезгілінің басынан бастап қаладан 5,2 млн текше метрден астам қар 428 495 ауыр жүк рейсімен шығарылды, - делінген мәліметте.
Әкімдік ең алдымен жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылатынын еске салды.