Астанада 21 жастағы жігіт бауырын өлтіріп, үш туысына пышақ салды

Бүгiн, 13:01 285

Астанада 21 жастағы Жанғали Жұматаев туыстарына пышақпен шабуыл жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бір адам қайтыс болып, үшеуі ауруханада жатыр. Тергеу мәліметінше, жанжалға "Standoff 2" компьютер ойыны себеп болған.

Түнгі сағат 3-те апасы жиеніне ойынды тоқтатып, ұйықтауды өтінген, бірақ ол ескертуді елемеген. Кейін бәрі ұйықтап қалған соң, Жұматаев пышақ алып, немере ағасына 20-дан астам соққы жасап, оны оқиға орнында өлтірген.

Айқайдан оянған туыстарына да шабуыл жасаған. Үш әйел зардап шекті: екі апасы мен немере қарындасы. 

Қазір күдікті қамауға алынды. Зардап шеккендер ауруханада, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Перизат Саденова
Бөлісу: