Астанада 209 мыңнан астам кәсіпкерлік субъекті жұмыс істейді - Жеңіс Қасымбек

30 Наурыз 2023, 21:32 927

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек пен «Атамекен» ҰКП төралқасының төрағасы Райымбек Баталов кәсіпкерлермен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуы барысында Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға бастамашылық еткен іс-шараға ШОБ, салалық қауымдастықтар, құқық қорғау және қадағалау органдары, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы және т.б. өкілдері қатысты.

Кездесуде елорданың инженерлік инфрақұрылымын дамыту, әлеуметтік нысандар (қолжетімді жеңілдікті тұрғын үй, мектептер, медициналық нысандар, балабақшалар және т.б.) салу, интернеттің қолжетімділігі мен сапасы, жер қатынастары саласы, ақылы тұрақ орындары бойынша МЖӘ жобасына өзгерістер енгізу және т.б. мәселелер көтерілді.

Мемлекет басшысы VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясын ашу барысында экономика мен еңбек нарығының қозғаушы күші шағын және орта кәсіпкерлік болуы тиіс екенін, «ел ішінде бизнесін дамытуға және оларға шын мәнінде көмектесуге мүмкіндік беру маңызды» деп атап өтті. Астанада 209 мыңнан астам кәсіпкерлік субъекті жұмыс істейді. Бизнес 460 мың адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді, бұл – елорданың экономикалық белсенді халқының 71%-ы. Біз кәсіпкерлерге жүйелі қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін бірқатар шара қабылдадық: АЭА және Индустриялық парк аумағында преференциялар, түрлі бағдарламалар бойынша гранттар мен кредиттер беріледі, «Astana Invest» инвесторларына арналған фронт-офис жұмыс істейді, инженерлік желілерді жүргізуге, қажетті инфрақұрылымды құруға көмек көрсетіледі. Бірақ бұл да жеткіліксіз. «Атамекен» Ұлттық палатасымен бірлесіп қосымша қолдау шараларын жасаймыз, оның ішінде бюрократиялық кідірістер мен кедергілерді жою ісін жалғастырамыз, - деді Астана әкімі Жеңіс Қасымбек.

«Атамекен» ҚР ҰКП төралқасының төрағасы Райымбек Баталов жобаларды іске асыруға бірінші кезекте отандық кәсіпкерлер сенуі қажет екенін атап өтті. Әсіресе, егер жоба бюджет қаражатынан қаржыландырылар болса.

Мысалы кәсіпкерлер отандық тауар өндірушілердің «Жайлы мектеп» жобасына қатысу мәселесін көтерді. Бизнесмендердің айтуынша, жоба операторы – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ жеткізушілерді іріктеу бойынша конкурстардың ашықтығы арқылы тауарлар мен қызметтерді сатып алу бойынша конкурстарға қатысу үшін тең жағдайлар мен мүмкіндіктерді қамтамасыз етуі тиіс. Бұдан басқа елордалық өндірушілер offtake-қазақстандық өндірушілермен алдын ала келісімшарттар жасасу арқылы өнімнің кепілді өткізу көлемін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп санайды.

Қазіргі уақытта «Атамекен» ҚР ҰКП-да отандық тауар өндірушілердің тізілімі қалыптастырылды, олар кейіннен мердігер ұйымдарға ұсыну үшін «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ға берілді.

Ұлттық палата басшысы Райымбек Баталов кәсіпкерлікті дамытудың кешенді жоспары туралы айтып, шағын бизнес блогына және орта бизнес проблемаларына ерекше назар аударды.

Мемлекет басшысы нақты индустрияландыру, өндірісті оқшаулау, инфрақұрылымды жаңғыртумен айналысуымыз керек екенін атап өтті. Бюджеттен қаржыландырылатын жобаларды бірінші кезекте отандық кәсіпкерлер іске асыруы тиіс. Біз үшін бұл өте маңызды жолдау және біз бұл жоспарды іске асыратынымызға сенімдімін және бұл кешенді тиімді бағдарлама барлығымызға, соның ішінде шағын және орта бизнеске өз портфелімізде бар жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді, - деп атап өтті Райымбек Баталов.

Кездесу барысында жергілікті атқарушы органдармен жұмыс Өңірлік кәсіпкерлер палаталарының құрылған салалық комитеттерімен тығыз өзара іс-қимыл арқылы құрылғаны атап өтілді. Мұндай кездесулер «Атамекен» алаңында тұрақты түрде өткізілетін болады.

EL.KZ
Бөлісу: