Астанада 20 жыл бойы іздеуде жүрген Ресей азаматы ұсталды

13 Мамыр, 14:33 610

Елордалық полиция 20 жыл іздеуде жүрген азаматты ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы аудандық ПБ қызметкерлері көрші мемлекеттің аумағында алаяқтық әрекеттерін жасағаны үшін 20 жылдан астам уақыт мемлекетаралық іздеуде жүрген Ресей Федерациясының 53 жастағы азаматын ұстады.

Күдікті алдымен Қырғызстанға қашып, ол жақтан Астанадағы туыстарына келген. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде ер адам үйдің шатырынан табылды.

Қазіргі уақытта оны Ресейге экстрадициялау мәселесі шешілуде.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: