Астанада 20 шілде күні жаңа маршрут жолға шығады

18 Шілде, 19:13 452

20 шілде күні Астанада № 63 жаңа маршрут желіге шығады. Бұл туралы CTS-ке сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бағыт «Теміржол вокзалы» – Жағалау (Ә. Бөкейхан атындағы Binom мектебі) арасында қатынайтын болады. Бұл бағыт бойынша Агротехникалық және Медициналық университеттерді, «Сарыарқа», «Keruencity» СОО, «Астана» базары ауданын, «Тұлпар» СО, «Шапағат», «Әсемә және «Сарыарқа» сауда үйлері қамтылады.

Маршрутқа қызмет көрсету үшін 10 автобус бөлінген, қозғалыс аралығы 10-15 минутты құрайды.

Зарина Арман
Бөлісу: