Астанада 19 жасар жігіттің мәйіті табылды

14 Қазан, 23:36 772

Астанада 19 жастағы жігіттің денесі табылды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ол 9-қабаттан терезесінен құлаған.

Қалалық Полиция департаменті оқиғаның барлық қатысушылары анықталғанын айтты. Аталған жайттың мән-жайын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Тараптардың, оның ішінде марқұмның анасының барлық дәлелдері мен мәлімдемелері тергеу шеңберінде мұқият тексерілетін болады.

Іс Полиция департаменті бастығының ерекше бақылауында.

Зарина Арман
Бөлісу: