Астанада 150 әке баласына алимент төлемей, ақшасын құмар ойынға салған

8 Қазан, 02:06 424

Астанада 150 әке алимент төлеуден қашып, ақшаларын құмар ойынға салған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық прокуратураның ақпаратынша, олардың балалары алдындағы жалпы қарызы 350 млн теңгеге жеткен. Тіпті төленбеген алиментінің сомасы 2,5 млн теңгеге жеткен әкенің құмар ойындағы айналым ақшасы 80 млн теңге екені анықталды.

Осылайша, сот орындаушылары 150 адамға құмар ойынға қатысуға тыйым салды.

Перизат Саденова
Бөлісу: