Астанада №15 және 15А бағытындағы автобустар саны артады

31 Қаңтар, 22:09 749

Қызмет көрсету сапасын жақсарту аясында Астанада №15 және 15А маршруттарында автобустар саны артады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі.

№15, 15А маршруттарда автобустар саны 2 бірлікке (19-дан 21-ге дейін) ұлғайтылады.

Сондай-ақ 1 ақпаннан бастап №15а маршрутының қозғалыс сызбасы «Қалалық фтизиопульмонология орталығы» және «Қалалық инфекциялық орталық» аялдамаларына дейін ұзартылады.

Елорданың қоғамдық көлігіне қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жалғасатын болады. Биыл жаңа автобустар сатып алынып, 5 жаңа бағыт іске қосылады.

Перизат Саденова
Бөлісу: