Астанада 1200-ден астам ағаш отырғызылды

2 Қазан 2023, 16:22 931

Елордада «Жасыл Астана» эко-айлығы аясында кезекті коммуналдық сенбілік өткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Елордада «Жасыл Астана» экологиялық айлығы жалғасуда, оның аясында қалада апта сайын жалпықалалық және коммуналдық сенбіліктер өтеді. Оларға 120 мыңға жуық адам қатысты.

30 қыркүйекте елордада аумақтарды тазалауға, ағаш отырғызуға және қоқыстарды шығаруға коммуналдық қызмет мамандарымен бірге кәсіпорындар, түрлі ұйымдар мен бизнес өкілдері атсалысты.

Коммуналдық сенбілік аясында қалада 1 240 жасыл желек отырғызылды. Жалпы аумағы 410 000 шаршы метр болатын саябақтар мен алаңдар тазартылды. 115 бірлік тиеу техникасы және 209 бірлік жүк техникасы жұмылдырылды.

Мәселен, Ақбұлақ өзенінің жағасында, Р.Қошқарбаев даңғылы мен С.Нұрмағанбетов көшесінің қиылысында, Ж.Омаров көшесі, Абай даңғылы, Ш. Уәлиханов көшелерінің шекарасындағы гүлзарда, Кирпичный елді мекенінде, Керей-Жәнібек хандар көшесінде, Ұлы Дала даңғылында, Жағалау скверінде, ӨДО маңында, Бейбітшілік, Күмісбек, Серкебаев көшелерінде ағаш отырғызылды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: