Астана мен Еркежан!

1 Шілде 2014, 10:20

Қазақстанның жаңа елордасы – Астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өткізілді.

Астана (1998 жылдың 6 мамырына дейін – Ақмола) Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 20 қазандағы Жарлығымен және Қазақстан Республикасы Парламентінің мақұлдауымен 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды.

Қазақстанның жаңа елордасы – Астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өткізілді.

Астана ең алғаш Елордамыз болғанда қандай еді? Әрине ол туралы әзірге сурет сөйле         й тұрсын! Ол кезде қазіргі «Бәйтерек», «Ханшатыр» секілді ғимараттардың өзі түгіл ізі де жоқ!

...1998 жылдың күзі. Сарыарқаның төрінде шыр етіп, дүние есігін ашқан шақалаққа ата-анасы Еркежан деп ат берді. Өмірге сәби келгеніне бір қуанса, оның Астананың түйдей құрдасы болатынына тағы қуаныпты! 

Астана – "екі жаста"!

Бұрынғы Целиноградтың орнына әсем ғимараттардың алғашқы легі тұрғызыла бастады...

Еркежан – екі жаста!

"Апа", "әке" деп енді-енді тілі былдырлап шығып келе жатқан кезі...

2006 жыл.

Алты жасар Еркежан оқу жылына дайындалып, Астананың басты символы "Бәйтеректің" жанында естелікке суретке түсті. 

Еркежан 16 жаста!

Шыңғыс Айтматовтың шығармаларын сүйіп оқитын Еркежан бүгінде «Жас Отан» Жастар Қанатының белсенді мүшесі. Астана қаласындағы политехникалық колледжінде студент. Арманы – шет елде жоғарғы білім алып, Астана қаласының көркеюіне үлес қосатын  маман болу.

Қала жөнінде жалпы мәліметтер:

Құрылған жылы – 1832 ж.

Теміржол бекетінің атауы – Астана станциясы.

1961 жылғы дейін – Акмола қаласы.

1961 жылдан 1992 жылға дейін – Целиноград қаласы.

1993 жылдан 1998 жылға дейін – Ақмола қаласы.

1997 жылғы 20 қазандағы ҚР Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды.

1998 жылғы 6 мамырдағы ҚР Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілді.

Астанадағы терең әрі кең көлемді өзгерістер әлемдік ұйымдар назарынан тыс қалмады. 1999 жылдың шілде айында елордамыз ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» сыйлығына ие болды. 

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы

Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы

"Қазақстан Республикасының астанасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 15 қыркүйектегi Заң күшi бар Жарлығына, "Қазақстан Республикасының астанасын көшiру туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1994 жылғы 6 шiлдедегi N 106 қаулысына сәйкес қаулы етемiн:

1. Ақмола қаласы 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының астанасы болып жариялансын.

2. Ақмола қаласының Қазақстан Республикасының астанасы ретiнде ресми тұсаукесерi 1998 жылғы 10 маусымда өткiзiлсiн.

3. Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы, Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды Ақмола қаласына көшiру жөнiндегi мемлекеттiк комиссия осы Жарлықтың орындалуын қамтамасыз ететiн болсын.

4. Осы Жарлық жарияланған сәтiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының Президентi Н.Назарбаев
Алматы, 1997 жылғы 20 қазан, N 3700

 

Бөлісу: