Астана медициналық университетінің құрылғанына 50 жыл

8 Қыркүйек 2014, 10:28

Бүгін Астана медициналық университетінің қабырғасында университеттің 50 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-практикалық конференция өтті.

Бүгін Астана медициналық университетінің қабырғасында университеттің 50 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-практикалық конференция өтті.  Конференцияға Қазақстанның түрлі аймақтарында еңбек етіп жүрген осы университеттің түлектері мен медицина саласының үздік қайраткерлері қатысып, баяндамалар жасады.

Астана медициналық университінің ректоры, Мажит Зейнулұлы Шайдаров:

-                    Біздің университеттің түлектері Астана қаласы, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары бойынша жұмысқа тартылады. Соның ішінде, биылғы түлектердің 30 пайызы ауылдық жерлерде қызмет ететін болады деп, жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда мемлекет ауылдағы денсаулық сақтау жағдайына ерекше көңіл бөліп, жас мамандарды баспанамен қамтамасыз етіп, материалдық жағынан қолдау көрсетуде. Осы себепті, университетіміздің үздік түлектері ауылдық жерлерге барып қызмет етуге құлшыныс білдіріп отыр. Бір жағынан, өзіңіз білетіндей, қазір қалаларда не көп, ғылым докторлары мен профессорлар көп, ал ауылда бұл жағынан жас мамандарға кәсіби жетіліп, өзін өзі көрсетуіне мүмкіндіктер бар. Біздің университеттің өз ішінде клиникалық оқу орталығы ашылды, ол жерде студенттеріміз заманауи техника құралдарын пайдалана отырып, мол тәжірибе жинайды. Қазіргі жастар өте сауатты, бізге оқуға келетіндердің 39 пайызы мектепті алтын белгімен тәмамдаған. Студенттеріміздің барлығы дерлік осы оқу ордасына «мен дәрігер болам», «мен хирург болам», «мен акушер болам» деп келген жастар. Оларға мүмкіндік жасау біздің міндетіміз.

Университет тарихына келер болсақ, алғашқы ректор болып Станислав Полетаев тағайындалды, одан соң Н.Хоменко, үшінші ректор В.Корпачев болды. Ол кісі университетке 19 жыл басшылық еткен адам. В.Корпачевтан кейін Райыс Төлебаев басшылық етті. 2001 жылы университетті Полат Қазымбет басқарды. Ол кезде Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев болған. Осы тұста олар жоғарыда айтып өткен клиникалық оқу орталығының жобасын бастаған. Осы кісілердің еңбектерінің арқасында университеттің жаңа корпусы салынып, көптеген жұмыстар атқарылды.

Конференция соңында «Ұлттық ғылыми-медициналық орталық» АҚ-тың трансплантация бойынша координациялық орталықтың басшысы Ж.А.Досқалиев, Мәжіліс депутаты        Н.М.Петухова, университеттің тқртінші ректоры Р.К.Төлебаев, «Назарбаев Университет» медицина мектебінің директоры Ж.Ш.Жұмаділов, бұрынғы ректор Т.С.Тапбергенов, О.В.Корпачева, м.ғ.д. О.Г.Цой, Е.А.Тайгулов, А.Ж.Абдрахманов, м.ғ.д. Т.З.Сейсембеков және т.б. құрметті азаматтар «Астана медицина университеті-50 жыл» мерейтойлық медальдарімен марапатталды. 

Бөлісу: