Astana LRT құрылысын аяқтау үшін 577 миллион доллар қажет

29 Маусым 2022, 16:42 1517

Бұл туралы Алтай Көлгінов BaigeNews.kz сайтының «2022» жобасындағы сұхбатында айтты

Eлорда әкімі Алтай Көлгінов еліміздегі ең танымал әрі атышулы құрылыс нысандарының бірі – LRT туралы айтты, деп хабарлайды El.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Көлгіновтың айтуынша, жобаның шығынын азайту үшін стансалар мен жылжымалы құрамның санын қысқартуға тура келген.

Біз оңтайландыруды көздедік. Егер бастапқы жобада 18 станса қарастырылған болса, біз әзірге тек сегіз стансаны ұсынамыз. Олар әуежайдан, Пригородныйдан, Қабанбайдың көшелері. Өйткені бұл аралық өте тығыз ораналасқан. Сондай-ақ жылжымалы құрам да қысқарды, жобада 19 жылжымалы пойыз қарастырылған, біз  оның бесеуін қалдырып отырмыз. Жоба бойынша төрт вагон қарастырылған, әр вагонға 150 жолаушы сыяды, бәрін қосқанда 600 жолаушы тасымалдай алады, - деді Көлгінов.

Әкім жобаның бюджетін екі есе қысқартуға көмектескенін айтты.

Қазір бізге жобаны аяқтау үшін 577 миллион АҚШ долларын  керек, бұл бастапқыдан екі есе дерлік аз қаржы, - деді әкім.

Сонымен қатар, әкім жолаушылар тасымалы мен жерүсті көлігінің бағасы туралы да баяндады.

Алдын ала есептеулер бойынша жолаушылар ағыны 25-30 мың . Өздеріңіз білетіндей, ол субсидияланады. Субсидиялау мен техникалық қызмет көрсету үшін жылына үш миллиард теңге аламыз. Субсидияларды есепке алғанда бағаға келетін болсақ, ол айтарлықтай ерекшеленбейді. , бірақ сәл артық. Біз тұтынушы мүмкіндігін ескереміз, - деп қосты Көлгінов.


Бөлісу: