Астана ЭКСПО-2017 кеңсесінде өңір әкімдерімен кеңес өтті

28 Сәуір 2017, 10:57 3765

Көрмені ілгерілету бойынша кеңес өтті

ЭКСПО-2017 кеңсесінде "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов, Астана, Алматы және облыс әкімдерінің қатысуымен Халықаралық мамандандырылған Көрмені ілгерілету бойынша кеңес өтті. 

Облыс басшылары Көрме нысандары, павильондардың контенті, билеттік бағдарлама мен оның шарттарымен, сондай-ақ ЭКСПО-2017 көрмесінің іскерлік және мәдени-сауықтыру бағдарламасымен жан-жақты танысып шықты.

Ахметжан Есімов кеңес қатысушыларына ЭКСПО-2017 - Елбасының жобасы екендігін еске салып, әкімдіктер тарапынан халыққа ЭКСПО-2017 идеясын жеткізу және оның ел экономикасына деген тиімділігі туралы түсіндіру маңыздылығын айтты. "Алдыңғы аптада Қазақстан Президентінің төрағалығымен өткен кеңесте, Елбасы Көрмеге дайындық деңгейін жоғары бағалады. Ендігі мақсатымыз - ЭКСПО-2017 көрмесінің басталуына бір жарым ай қалғанда, шараның ең жоғары деңгейде өтуі үшін жұмыла жұмыс істеу", – деп атап өтті А. Есімов.Қазір қатысушы-елдердің барлығы дерлік өз павильондарын толтыруға кірісті. Көрмені өңірлер мен шетелде ілгерілету жұмысы белсенді жүріп жатыр. Осыған орай, Ұлттық компания басшысы бірегей шараны жер-жерде тек қана насихат жолымен ілгерілету қажеттілігін көрсетті.

Бөлісу: