Астана әуежайына түнгі уақытта автобус қатынайтын болды

15 Шілде 2022, 02:46 2992

Жолаушыларды №10 бағыттағы автобустар тасымалдайды.

15 шілдеден 8 тамызға дейін Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көліктің түнгі рейстері әуежайға дейін қатынайды, деп хабарлайды El.kz.

City Transportation Systems компаниясы баспасөз қызметінің мәліметіне сенсек, мұндай шешім елордалық әуе айлағының түнгі жұмыс режиміне уақытша көшуіне байланысты қабылданған.

Жолаушыларды №10 бағыттағы автобустар тасымалдайды.

Әуежайдан №10 бағытының түнгі рейстерінің шығу уақыты: 23:18, 00:29, 01:59, 02:59.

Бағдардың күндізгі қозғалыс кестесі өзгеріссіз қалады.

Бөлісу: