«Астана-Зеленстрой» ЖШС-нің бұрынғы бас директоры ұсталды

17 Маусым, 10:37 561

«Астана-Зеленстрой» ЖШС-нің бұрынғы бас директоры жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілікті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Антикор мәліметінше, Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Астана-Зеленстрой» ЖШС бұрынғы бас директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Ол қылмыстық істі тоқтату үшін құқық қорғау органдарының лауазымды адамдарына алаяқтық жасауға және 15 млн теңге сомасында пара беруге итермелеуге оқталғаны үшін күдікке ілінді. Бұдан басқа, тапсырыс берушілер Астана қаласының жергілікті атқарушы органдары болып табылатын көпжылдық бұталарды отырғызу бойынша орындалған жұмыстардың құнын арттыру жолымен өзінің лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін күдікке ілінді, - делінген мәліметте.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: