Астана-Зеленстрой директорына қатысты тергеу аяқталды

9 Қараша 2022, 14:51 1609

Бұл туралы Антикор мәлімдеді

Астана-Зеленстрой директорына қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды EL.kz. Бұл туралы Антикор мәлімдеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Астана-Зеленстрой» ЖШС Бас директоры А. Наурызәліге қатысты пара алу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

Наурызәлі а.ж. 2 қыркүйегінде «Табиғат НС Сервис» ЖШС директоры С. Карловадан Астана қаласының Алматы және Есіл аудандарын көгалдандыру бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін 9 млн теңге сомасында ақшалай қаражат алды деп күдіктенеді.

Наурызәліге тағылған айыптар арнаулы жедел іздестіру іс-шарасы, жасырын тергеу әрекеттерінің материалдарымен, куәгерлердің айғақтарымен және т. б. расталады.

А. Наурызәліні ҚР ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде процестік ұстау кінәні толық мойындауға байланысты қолданылмады.

Оның кінәсі туралы қорытынды шешімді сот қабылдайды.

EL.KZ
Бөлісу: