Астана вокзалында жолаушылар бір-бірін таптап кете жаздады

15 Қаңтар, 09:50 2030

ҚТЖ Астана-1 вокзалындағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Адамдардың көптігінен эскалатор да тоқтатылған.

Биылғы 14 қаңтарда демалыс күні (жексенбі) және қолайсыз ауа райынан автомобиль жолдарының жабылуы мен екі пойыздың бір мезгілде келу себебінен вокзалда жолаушылар ағыны едәуір өсті. Вокзал бойынша кезекшілер жолаушылар ағынын реттеу жөнінде шаралар қабылдады, алайда жолаушылар тарапынан конкорстық өткелден өту кезектілігі мен қауіпсіздік техникасы сақталмады, бұл эскалаторда болудың қауіпті жағдайына әкелді. Жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін эскалатор дереу тоқтатылды, - делінген мәліметте.

Қазіргі уақытта вокзал штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: