Astana велокомандасы Португалиядағы жарысқа қатысатын құрамын жариялады

10 Ақпан, 08:16 563

Astana Qazaqstan Team командасы Португалияда өтетін екі жарысқа қатысады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда клубы 10 ақпанда өтетін «Фигейра Чемпионс Классик» бір күндік жарысында, сонан соң 14-18 ақпан аралығында өтетін «Вольта Алгарве» көпкүндігінде бақ сынайды.  

Ал жарыстарға қатысатын құрам мынадай: Самуэле Баттистелла, Игорь Чжан, Евгений Федоров, Антон Кузьмин, Кристиан Скарони, Симоне Веласко және Astana Qazaqstan Development Team rider шабандозы Макс Уолкер. 

Жарыстың спорттық директоры: Стефано Занини мен Джузеппе Мартинелли. 

Перизат Саденова
Бөлісу: