Астана тұрғыны ойнап жүрген баланың сөмкесінен телефон жымқырған

27 Қазан 2023, 20:55 705

Астана тұрғыны ойнап жүрген баланың сөмкесінен телефон жымқырған, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Ішкі істер ведомствосы таратқан ақпаратқа сәйкес, елорда тұрғыны полицияға арызданып, белгісіз біреу оның 9 жасар ұлының OPPO телефоны ұрланғанын айтып, 120 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтіргенін жеткізген.

Полицейлер жасөспірімдердің рюкзактарын көгалға тастап, ойын алаңында алаңсыз ойнағанын анықтады.

Осы кезде балалардың ойынға айналған сәтін күткен қаскүнем еркін қол жеткізу арқылы баланың сөмкесіндегі телефонын алып, “ізін суытқаны” белгілі болған.

Балалар үйлеріне қайтпақ болған кезде олардың бірі телефонының жоғалғанын байқап, бірден ата-анасына хабарлаған. Жедел-іздестіру шарасы барысында Нұра ауданы полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 18 жастағы елорда тұрғынын анықтады. Қазір күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - делінген ведомствоның хабарламасында.

 Оның елордада бұрын жасалған осындай қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталады.

Перизат Саденова
Бөлісу: