Астана тұрғындарының үрейін ұшырған дабыл: Министрлік түсіндірді

Бүгiн, 16:07 241

Бүгін Астанада қала тұрғындары менқонақтарының смартфондарында Ұлттық ескерту іске қосылды. Осыған байланысты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта Астана қаласының Cell Broadcast технологиясы бойынша Төтенше жағдайларкезінде жаппай құлақтандыру жүйесіне қосубойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Бұл ескерту тестілеу режимінде жүргізілді. Уайымдамауды және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгін сағат 15:00-ден аса елорда тұрғындарының телефондарында ескерту сигналы істеді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: