Астана қаласында 2023 жылы тағы бір көпір ашылады

6 Қараша 2022, 12:41 2271

Есіл өзені арқылы өтетін Тәуелсіздік даңғылында жаңа көпір салынып жатыр

Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жаңа көпірдің құрылысы туралы жазды, деп хабарлайды El.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Есіл өзені арқылы өтетін Тәуелсіздік даңғылындағы көпір құрылысының барысымен таныстым. Бұл көпір Тәуелсіздік даңғылы, жаңа теміржол вокзалы, Қошқарбаев даңғылы, Нәжімеденов көшесі, Әзірет Сұлтан мешіті, Байтұрсынов көшесі, Қордай, Айнакөл, Момышұлы даңғылы мен сол жағалау арасындағы қосымша байланысты қамтамасыз етеді. Бұл көпірді 2023 жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз», - деп жазды Астана әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сондай-ақ, оның айтуынша, осы жылдың тамыз айында Ұлы дала даңғылындағы жаңа көпір үстіндегі қозғалысты ашылды. Көпір Мәңгілік ел даңғылына, А. Байтұрсынов, Р. Қошқарбаев, Ж. Нәжімеденов көшелеріне, Nova City ауданына, «Мыңжылдық» аллеясында көлік ағынын сейілтуге, «Нұрлы жол» жаңа вокзалына, Тельман және Промышленный елді мекендеріне, Метро гипермаркетіне, Жұмабаев даңғылына, Жүргенов көшесіне қолжетімділікті арттырады.

«Сол сияқты осы айда А62 көшесінде (А91 көшесінен Астана-Қарағанды тас жолына дейінгі аралық) қозғалысты ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл көше Қарағанды тас жолы, «Нұрлы Жол» теміржол вокзалы және қаланың сол жағалауы арасындағы көлік қатынасын қамтамасыз етеді.  Сонымен қатар соңғы жылдары 400-ден астам көше жөнделді, олардың жартысы елді мекендерде орналасқан. Осыған дейін біз кешенді көлік схемасы (ККС) тұжырымдамасын бекіттік. ККС тұрғындардың жыл сайынғы өсімін және жолдардағы трафиктің ұлғаюын ескере отырып, қалалық көліктің 10 және одан да көп жылға бірыңғай техникалық пайымын әзірлеуге мүмкіндік береді», - деп жазды елорда әкімі.

EL.KZ
Бөлісу: