Астана прокуратурасы мемлекетке 1 миллиардтан астам теңге қайтарды

31 Шілде 2023, 11:13 971

Елорда прокуратурасы мемлекет пайдасына шығарылған сот актілерінің орындалуына талдау жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Прокурорлық қадағалау актісін енгізу нәтижесімен сотталғанға тиесілі жалпы бағасы 1 млрд 62 млн теңге құрайтын 5 жер учаскелерін өндіру арқылы келтірілген шығын мемлекет пайдасына өтелді, - делінген Бас прокуратура таратқан мәліметте.

Осылайша, прокуратураның қабылдаған шараларымен қылмыс жолымен табылған сотталғанның мүлкін мемлекет пайдасына өндіру арқылы сот үкімі орындалды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: