Астана прокуратурасы «Алаяқтыққа қарсы» жедел желісін іске қосты

17 Маусым 2024, 18:44 648

Астана қаласының прокуратурасы алаяқтықпен күрес және алдын-алу шеңберінде ықтимал алаяқтарды анықтау мақсатында телефон нөмірлерін тексеру үшін арнайы «Алаяқтыққа қарсы» «WhatsApp» бот (+7-747-680-02-10) әзірледі, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Жоба тауарларды сату/алу, сондай-ақ әртүрлі қызметтерді алу кезіндегі алаяқтық әрекеттерден қаржылық шығындар мен басқа да жағымсыз салдарлардың тәуекелдерін барынша азайтуға көмектеседі.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: