Астана өз алаңында польшалық клубқа есе жіберді

6 Қазан 2023, 01:25 604

Футболдан Еуропа лигасының конференциясында елордалық "Астана" өз алаңында польшалық "Виктория Пльзеньді" қабылдап, 1:2 есебімен ұтылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Жауапты матч тартысты өтіп, алғашқы таймда есеп ашылмады. Есесіне, астаналық А.Ароян мен И.Қуат ескерту алып, төреші сары қағаз берді. Үзілістен кейін алаңға тың серпінмен шыққан "Астана" ойынды өз бақылауына алып, Г.Бабаян шәкірттері 51 минутта қонақтар қақпасынан саңылау тапты.

Марин Томасов оңтайлы келген теңбіл допты сәтті теуіп, командаластарын алға шығарды. Алайда араға үш минут салып, "Виктория Пльзень" ойыншылары шабуылды сәтті аяқтап, Т.Хоры тепкен гол қақпадан табылды. Арада тағы үш минут өткенде польшалық клуб ойыншысы Л.Калвах тепкен доп команданы жеңіске жетелей түсті. 

Қалған минуттарда қос команда да қанша шабуылдағанымен гол соғылмады. Осылайша "Астана" өз алаңында жеңіліске ұшырады. 

Енді Еуропа лигасы конференциясының жауапты ойыны желтоқсанның 12-де өз алаңында "Астананы" қабылдайды. Әзірге елордалық клуб еш ұпай иеленбестен, С тобындағы тізімнің соңында тұр. 

Перизат Саденова
Бөлісу: