«Astana Merey» XX Халықаралық орындаушылар байқауының ашылу салтанаты өтті

12 Қараша, 04:30 348

Қазақ ұлттық өнер университетінде «Astana Merey» XX Халықаралық орындаушылар байқауының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараға оқу ордасы ректорының міндетін атқарушы Раушан Нұртаза, қазылар алқасының мүшелері, конкурсанттар және өнер сүйер қауым қатысты.

Осы тамаша іс-шарада сіздерді көргенімізге қуаныштымыз! Біз барлық адамзатты біріктіретін музыка өнеріне құрмет көрсету үшін жиналып отырмыз. «Astana Merey» байқауы жас таланттарды қолдап, оларды өнер төріне талпынуға ынталандырады. Әрбір жас орындаушыға сәттілік пен шабыт тілейміз, – деді Раушан Нұртаза.

Айта кетейік, биыл байқауға Қазақстанның 13 облысы мен 2 республикалық маңызы бар қаладан 160 жас орындаушы қатысып жатыр. 6-18 жас аралығындағы қатысушылар скрипка, альт, виолончель, контрабас, арфа, фортепиано және фортепианолық ансамбль номинациялары бойынша өнер көрсетеді. Жас музыканттардың шеберліктері мен таланттарын қазылар алқасының мүшелері бағалап, үздік қатысушылар арнайы сыйлықтармен марапатталады.

Перизат Саденова
Бөлісу: