Астана мен Шымкентте үй ауласындағы жыландар тұрғындарды шошытты

20 Тамыз, 23:13 718

Құтқарушылар Астана мен Шымкенттегі тұрғын үй ауласынан екі жыланды ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бірінші оқиға Астанадағы Сарыарқа ауданында болған. Тұрғын үй кешендерінің бірінің тұрғындары аула аумағында пайда болған жыланды байқап қалған. Ал екінші оқиға Шымкент қаласының Еңбекші ауданында үй аулаларының бірінде орын алды.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар тұрғындарға төнген қауіпті жою үшін жыландарды бөтелкеге салып, қауіпсіз жерге жеткізді.

ТЖМ жыланға тап болған кезде қауіпсіз қашықтыққа шегініп, құтқарушыларды шақыру қажеттігін ескертті.

 

Зарина Арман
Бөлісу: