Астана мен Қосшыда терроризмді насихаттады деген күдікпен төрт адам ұсталды

Бүгiн, 11:55 216

Биылғы 22 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астанада және Ақмола облысының Қосшы қаласында прокуратура органдарының үйлестіруімен 4 Қазақстан азаматын ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҰҚК мәліметінше, олар терроризмді насихаттады, экстремистік әрекетке қатысты және ұйымдастырды, сондай-ақ жаңа жақтастарды тартты деген күдікке ілікті.

Тінту барысында тұрғын үйлерінен діни материалдар мен басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленген. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 256, 259 және 405-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, - делінген мәліметте.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: