Astana Media Week 2023: медиа индустрия этика, өзгерістер мен трендтерді талқылайды

19 Қыркүйек 2023, 18:01 875

2023 жылғы 20-22 қыркүйек аралығында Астанада Astana Media Week 2023 өтеді, онда Қазақстан мен шетелден келген медиа индустрияның жетекші сарапшылары жылдам өзгеретін медиа орта контекстінде дәстүрлі медиа алдында тұрған өзекті сын-қатерлерді талқылайды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жетінші медиа апталықтың тақырыбы – «MEDIA POWER: ТЕНДЕНЦИЯЛАР, ӨЗГЕРІСТЕР, ЭТИКА». Талқылаулар алдағы уақытта медиа жұмысын ұйымдастыру жолдарына, жаңа медианың еркіндігіндегі тепе-теңдікті іздеуге, ҚР медиа заңнамасында блогосфераны реттеуге, ақпараттық кеңістіктегі этика мен жауапкершілікке, жалған ақпаратқа қарсы тұруға қатысты болады.

Отандық сарапшылармен медиа диалогқа арнайы шақырылған қонақтар – ұлттық ведомстволар мен телеарналардың басшылары, Түркия, Корея, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресейден келген танымал журналистер мен продюсерлер қатысады.

Astana Media Week 2023 шеңберінде цифрлық сауаттылық, деректерді қорғау, әлеуметтік желілердегі этика тақырыптары қаралады. Сарапшылар бұқаралық ақпарат құралдарындағы медиа өлшемдер мен жарнама тақырыбын, жалған ақпаратты таратуға және жарнамадағы манипуляцияларға қатысты мәселелерді талқылайды.

Медиа апталыққа қатысушыларға арналған ЖЫЛ САЙЫНҒЫ «КОНТЕНТ-МАРКЕТ» КӨРМЕСІНЕ әдеттегідей продакшн компаниялар мен телеарналардың өкілдері қатысады. Ашық және жабық питчингтер контент мейкерлерге жетекші БАҚ пен корпорациялардың басшыларына өздерінің жаңа өнімдерін ұсынуға мүмкіндік береді. Шараға алғаш реет тәуелсіз подкасттар мен диджатал контент авторлары қатысады.

AMW-2023 бірінші күні «СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ: НЕГЕ БІЗ ЕНДІ КӨРГЕНІМІЗГЕ, ЕСТІГЕНІМІЗГЕ ЖӘНЕ ОҚЫҒАНЫМЫЗҒА СЕНБЕЙМІЗ?» тақырыбындағы Media Talks бейресми конференциясымен аяқталады.

Конференция барысында хайп, кликбейт және фейктер, сондай-ақ цифрлық ортадағы журналистердің жаңа этикасы мен кәсіби мінез-құлқы талқыланады. Конференция спикерлерінің қатарында қазіргі заманғы креативті және медиа индустрия өкілдері:

-режиссер және сценарист, Cannes World Film Festival «Үздік музыкалық клип режиссері» сыйлығының иегері Малик Зенгер, Bult House, Derekos, Qarabayr продюсері Асхат Халимов, «Әділ сөз» қорының президенті Қарлығаш Жаманқұлова, танымал сторитейлер, @unknownkazak блогының авторы Диас Камериданов және т.б.

Медиа апталықтың екінші күні Юлия Юка Кравченконың «Альтернативная реальность» атты ДИДЖАТЛ КӨРМЕСІ ашылады. Бұл – жасанды интеллектті пайдалана отырып, Қазақстанның болашағына көз салу.

Сонымен қатар медиа орталықтың басты залында ӨҢІРЛІК БАҚ ФОРУМЫ өз жұмысын бастайды, онда жергілікті БАҚ-тың өзара іс-қимылы және олардың жаһандық күн тәртібін қалыптастырудағы әлеуеті қаралады.

Биыл Форумда көтерілетін мәселелер аясы кеңейді – қазақстандық шынайылықтан бастап Орталық Азия мен ТМД-ға дейін. 

Mediaquiz – интерактивті іс-шарасы сала қызметкерлері үшін бейресми нетворкингке айналады, онда ниет білдіргендер өз білімдерін, креативтілігі мен аналитикалық дағдыларын тексереді және ұйымдастырушылардың сыйлықтарын ұтып ала алады.

Соңғы күні БАСПАСӨЗ ХАТШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН САЛАДАҒЫ КАДРЛЫҚ ӘЛЕУЕТТІ АРТТЫРУҒА ЖӘНЕ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН СЕМИНАРЛАР СЕРИЯСЫ өтеді.

Медиа апталықты баспасөз, радио, интернет-журналистика саласындағы «Үркер» 2023 ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау іс-шарасы қорытындылайды.

Бағдарламамен толығырақ www.astanamediaweek.kz ресми сайтында немесе instagram-дағы @AstanaMediaWeek парақшасынан танысуға болады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: