Астана маңында жоғалған әйелдің денесі табылды

5 Қаңтар, 16:35 9160

Астана маңындағы Жібек Жолы ауылында 3 қаңтар күні 42 жастағы Баян Алтынбекова жоғалып кеткен еді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әйел 3 қаңтарда шамамен 5:30-да үйден шығып, қайтып оралмаған. Ол ақ тон, қара көйлек, қара етік киген. Әйелді туыстары, еріктілер, жергілікті тұрғындар іздеді. Өкінішке қарай Баян Алтынбекова 4 қаңтарда өлі табылды.

Іздеу аяқталды, Баянның денесі табылды. Туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз, иманды болсын. Жібек жолы кентінің тұрғындарына ерекше алғыс білдіреміз, - деп жазылған еріктілердің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Баян Алтынбекованың неден қайтыс болғанын полиция анықтайтын болады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: