Astana LRT ісі: Қанат Сұлтанбеков пен Талғат Ардан қайда?

Бүгiн, 12:43 177

Сенат кулуарында бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев LRT ісіне қатысты іздеуде жүрген Астана әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен «Астана LRT» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Арданды экстрадициялау мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іздеудің бірнеше түрі бар. Қазақстанның құқық қорғау органдары негізінен ел ішінде іздеу жұмыстарын жүргізеді, ал халықаралық деңгейде бұл міндет Интерполға жүктеледі. Біз оларға сұрау жібереміз, әрі қарай іздеу шараларымен Интерпол айналысады, – деп түсіндірді Әсет Шындалиев.

Оның айтуынша, экстрадициялау үшін Интерпол алдымен күдіктінің нақты қай елде екенін анықтап, сол елдің құзырлы органдарымен бірге оны ұстау шараларын жүргізуі тиіс.

Қазіргі уақытта Интерпол күдіктілердің орналасқан жері туралы нақты мәлімет берген жоқ, сондай-ақ ұстау немесе қамауға алу туралы да ақпарат түспеді, – деді бас прокурордың орынбасары.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: