Астана көшелерінде есірткі сайттарын жарнамалаған ер адамға үкім шықты

15 Қазан, 07:36 696

Прокуратура есірткі және психотроптық заттарды заңсыз жарнамалау дерегі бойынша қылмыстық істі сотқа жолдады. Аталған факті бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық прокуратура мәліметінше, ер адам есірткі және психотроптық заттарды заңсыз жарнамалау мақсатында «Telegram» қосымшасынан есірткі жарнамасына сілтемелері бар QR-кодтары бар брошюраларды өзінің ұялы телефонына жүктеп, 53 данасын басып шығарған. Кейін оларды қала көшелерінде жабыстыруға шыққан.

Тыйым салынған заттарды жарнамалайтын брошюраларды жабыстыру кезінде оны полиция қызметкерлері ұстаған.

Тергеп-тексеру барысында оның есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды заңсыз жарнамалауға бағытталған пиғылы дәлелденіп, бұл әрекетіне объективті құқықтық баға берілген.

Ер адамға 1 жыл бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Сот үкімі заңды күшіне енді. 

Зарина Арман
Бөлісу: