"Астана" клубының көшбасшы велошабандозы денсаулығына байланысты Италиядағы турнирді аяқтады

13 Мамыр, 05:32 634

Astana Qazaqstan Team командасының көшбасшы велошабандозы Алексей Луценко сырқатына байланысты Джиро д’Италия турнирінің тоғызыншы кезеңіне қатыспады, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстан чемпионы бірнеше күн бойы денсаулығы нашарлаған соң турнирді аяқтауға мәжбүр болған.

Өкінішке қарай, Алексей синусит пен жедел фебрильді фаринготрахеитке байланысты Джиро д'Италиядағы өнерін жалғастыра алмайды. Шешім бүгін таңертең оның қазіргі жағдайын соңғы тексеруден кейін қабылданды, - деді команда дәрігері Эмилио Магни. 

Зарина Арман
Бөлісу: