«Астана» клубы «Челсимен» өтетін ойынның билеттеріне қатысты мәлімдеме жасады

Бүгiн, 16:23 187

«Астана» футбол клубы «Челсимен» өтетін матчқа қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Клуб дерегінше, әлеуметтік желіде Конференциялар лигасы аясында өтетін кездесудің билеттері сатылымға шыққаны туралы ақпарат тараған. Баспасөз қызметі мұның жалған екенін алға тартты.

Әлеуметтік желіде 2024 жылдың 12 желтоқсанында өтетін «Астана» мен «Челси» арасындағы УЕФА Конференциялар лигасының жалпы кезеңдік матчының билеттеріне алдын ала тапсырыс беру туралы жарнамалар жариялана бастады. Осыған байланысты «Астана» футбол клубы аталған матчқа билеттер сатылымға шықпағанын хабарлайды, - делінген мәліметте.

Сонымен қатар билеттердің бағасы, сондай-ақ сатылым күні туралы барлық ақпарат клубтың ресми дереккөздерінде ұсынылатынын еске салды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: