"Астана" клубы "Челсиден" 1:3 есебімен жеңілді

12 Желтоқсан, 22:28 595

УЕФА Конференция лигасы жалпы кезеңінің бесінші турында «Астана»  Англияның «Челси» командасымен матч өткізді. Кездесу қорытындысы бойынша қазақстандық команда 1:3 есебімен жеңілді, еп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесудің басты кейіпкері ойыншы Марк Гиу болды. Ол матчтың 14-ші және 19-шы минуттарында гол салды. Тағы бір голды оның әріптесі Ренату Вейга соқты. Ал "Астана" командасы үшін жалғыз голды Марин Томасов 45-ші минутта соғып, көзге түсті. 

Еске салсақ, "Астана" - "Челси" матчы Алматыдағы "Орталық" стадионда өтті. 

 

Зарина Арман
Бөлісу: