Премьер-Министрінің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Халықаралық Валюта Қорына қатысты жиын өткізді, деп хабарлайды EL.KZ primeminister.kz-ке сілтеме жасап.
Жиынға Қаржы, Сыртқы істер, Ұлттық экономика, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің және «Астана» ХҚО, Ұлттық банк, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері қатысты.
Қатысушылар Мемлекет басшысының «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңес отырысында айтқан тапсырмаларын орындау барысын қарады. Сондай-ақ ХҚО-ның шетелдік серіктестерімен өзара қарым-қатынасы мен отандық қаржы жүйесін әлемдік инфрақұрылымға қосу мәселесі талқыланды. Халықаралық Валюта Қорының Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия үшін әлеуетті дамыту орталығының мәселелері қаралды.
Талқыланған мәселелерді қорытындылап, Е. Жамаубаев мемлекеттік органдарға «Астана» ХҚО-мен бірлескен жұмысты жалғастыруды тапсырды.