Астана халықаралық форумында қандай мәселелер талқыланады

Кеше, 13:13 233

2025 жылғы 29-30 мамырда Қазақстанның астанасында әлемдік көшбасшыларды, сарапшыларды, инвесторлар мен бизнес өкілдерін біріктіретін аймақтағы ең ірі іскерлік оқиға – Астана халықаралық форумы (AIF2025) өткізіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҰЭМ мәліметінше, форум бағдарламасы қазіргі заманның негізгі сын-қатерлерін қамтыған пленарлық сессия мен 25 пікірталас алаңынан тұрады. Әлемнің түкпір-түкпірінен 600-ге жуық шетелдік қонақ қатыспақ. Олардың арасында жетекші саясаткерлер, халықаралық ұйым, корпорация басшылары, инвесторлар мен ғылыми топ өкілдері бар.

AIF2025-ке қатысуды растағандар:

Поль Кагаме – Руанда Республикасының президенті;

Эди Рама – Албания премьер-министрі;

Андрей Пленкович – Хорватия Республикасының премьер-министрі;

Мухаммед бин Абдулрахман Аль-Тани – премьер-министр-Қатар сыртқы істер министрі;

Пан Ги Мун – БҰҰ 8-Бас хатшысы, Green Global Growth Institute төрағасы, «Boao Forum for Asia» директорлар кеңесінің төрағасы;

Ален Берсе – Еуропа кеңесінің бас хатшысы;

Цюй Дунъюй – БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының бас директоры (FAO)

Эми Поуп – Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның бас директоры (IОМ);

Матиас Корманн – ЭЫДҰ бас хатшысы;

Дарен Танг – Зияткерлік меншік жөніндегі дүниежүзілік ұйымның бас директоры; 

Антонелла Бассани – Еуропа және Орталық Азия аймағы бойынша дүниежүзілік банктің вице-президенті;

Хаолян Сюй – БҰҰ бас хатшысының орынбасары және Даму бағдарламасы әкімшісінің  орынбасары;

Цзинь Лицюнь – Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің (АИИБ) президенті және директорлар кеңесінің төрағасы;

Юрген Ригтеринк – ЕҚДБ бірінші вице-президенті;

Кубанычбек Омуралиев – Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы;

Себастьян Курц – Австрияның 26-Федералдық канцлері.

Пікірталастардың негізгі тақырыбы

2025 жылы AIF жаһандық күн тәртібіндегі негізгі үш бағытқа назар аударады:

Сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік

Энергетика және климаттың өзгеруі  

Экономика және қаржы          

Форум инвестиция мен халықаралық ынтымақтастық драйвері ретінде

Астана халықаралық форумы-2025 инвестиция үшін жаһандық бәсекелестік дәуірінде өткізіліп, Қазақстанның әлемге ашықтығын көрсетеді. Біздің еліміз ірі әлемдік корпорациялар мен қаржы институттарының назарын аудара отырып, Орталық Азиядағы өз позициясын нығайта түсуде. Ауқымды реформалар, заңнаманы жаңғырту мен инвестициялық ахуалды жақсарту елдің дамуына және оның экономикалық мүмкіндігін кеңейтуге ықпал етеді. Форумның міндеті – ашық диалог пен шетелдік капитал тартудың, стратегиялық келісімдер жасасу мен экономикалық дамуға арналған бастамаларды ілгерілету үшін маңызды платформа болу, - делінген мәліметте. 

AIF2025 қарсаңында Қазақстанның негізгі әріптестерімен экономикалық байланыстарды нығайтуға арналған бірқатар бизнес-форумдар жоспарлануда:

Қазақстан-Франция бизнес-форумы (2025 жылғы 28 мамыр);  

Қазақстан-Италия бизнес-форумы (2025 жылғы 28 мамыр).

Бұл іс-шаралар халықаралық ынтымақтастық, технология алмасу және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жаңа мүмкіндік бермек.

EL.KZ
Бөлісу: