«Астана» чемпиондыққа тағы бір қадам жасады

29 Қазан, 18:18 422

Қазақстан премьер-лигасының 24-турынан кейін көшбасшы тағы өзгерді. «Ордабасы» үшінші орынға сырғып, бірінші орынға «Қайрат» көтерілді. Бірақ бір ойыны кем «Астананың» бәсі жоғары. Егер ол кейінге шегерілген бір матчты жеңер болса, барлығын базып озады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Жетісу» (Талдықорған) –  «Қайрат» (Алматы) – 1:2

Голдар: Серікжан Мұжықов, 3 (1:0). Александр Мартынович, 22 (1:1). Офри Арад, 90+2 (1:2).

«Жетісу»: Арсен Сиукаев (Қ), Нұрлан Дайыров (Гиа Чадунели, 46, Чарльстон Сильв,а 63), Рауан Орынбасар (Асхат Балтабеков, 46)​, Мейрамбек Қалмырза, Майк Карвот​, Константин Кучинский, Дінмұхамед Қараман, Темур Чогадзе, Антон Шрамченко (Равиль Атыханов, 90+3), Серікжан Мұжықов (Шчиприм Таипи, 82),  Руслан Болов;

«Қайрат»: Вадим Ульянов (Қ), Иброхимхалил Юлдошев, Егор Сорокин, Александр Мартынович (Олжас Байбек, 36), Еркебулан Сейдахмет (Александр Мрынский, 80), Валерий Громыко, Офри Арад, Гиорги Зария, Юг Станоев,  Жоао Пауло, Элдер Сантана;

Төрешілер: Георгий Чеховский (Астана), Ғалымжан Айжігітов, Азамат Ахметов (екеуі де – Қызылорда);

VAR төрешісі: Денис Тевяшов (Орал);

AVAR төрешісі: Татьяна Сорокопудова (Қарағанды);

Қосалқы төреші: Жаксылық  Сейдахметов (Талдықорган);

Инспектор: Исағали Бакберген (Шымкент).

Турнир кестесінде бірінші орынға «Қайрат» көтерілді. Әрине, Алматы командасының «Астанадан» бір ойыны артық. Бұл жолы Рафаэль Уразбахтин шәкірттері көршілес Талдықорғанға қонаққа барған. «Жетісу» маусымның біткенін күтіп жүрген команда. Премьер-лигада қалу жоспарын орындап тастаған. Бірақ өз алаңында сирек жеңіледі. Бұл жолы Серікжан Мұжықов есеп ашып, талдықорғандықтар алға шыққан. «Қайрат» та қарап қалмай, 22-минутта беларусь қорғаушуысы Александр Мартыновичтің арқасында таразы басын теңестірді. Ол бұрыштама добынан кейін мергендік танытты.

Екінші таймда «Жетісу» сапынан Руслан Болов гол соққан. Бірақ төреші ойыннан тыс қалды деп есептемей қойды.

Матчтың қаһарманы Офри Арад болды. Израиль футболшысы Валерий Громьконың бұрыштамадан берген добын керегіне жарата алды. Сөйтіп «Қайрат» маңызды үш ұпайға ие болып, пелотонның алдына шықты.

«Атырау» (Атырау) –  «Елімай» (Семей) – 1:0

Гол: Сигневич, 85 (1:0).

«Атырау»: Егор Хаткевич (Қ), Наурызбек Жагоров (Геворг Наджарян,​ 90+4), Матеус Барбоса (Ринат Жұматов, 46), Олжас Керімжанов, Сослан Такулов, Әділбек Жұмаханов,  Александр Нойок (​Ерсұлтан Қалдыбеков,​ 75), Якоб Новак, Игорь Стасевич (Едіге Оралбай, 90+5), Аслан Әділ (Джоэль Каямба, 46),  Николай Сигневич;

«Елімай»: Максим Коваль (Қ),  Дмитрий Шомко, Самюэль Одеоибо, Иван Шараванья, Михаил Габышев (Дмитрий Шмидт, 73),  Давид Майком, Никита Корзун, Аслан Дарабаев (Еркебұлан Нұрғалиев, 64)​, Эдарлин Рейес Уренья (Роман Мұртазаев, 79), Жан Али Пайруз, Ислам Машуков (Иван Свиридов, 64);

Төрешілер: Сергей Ноженко (Талдықорган), Денис Виноградов (Петропавл), Артем Конивец (Қарағанды);

VAR төрешісі: Айдын Тасыбаев (Астана);

AVAR төрешісі: Кирилл Ткачев (Алматы);

Қосалқы төреші: Руслан Сұлтанғалиев (Атырау);

Инспектор: Виктор Антонов (Павлодар).

«Елімай» қыркүйек чемпиондықтан үмітті болған. Бірақ соңғы үш матчта Семей командасының жолы болар емес. «Жетісу» мен «Астанадан» жеңілді. Енді, міне, «Атырауға» да есе жіберді. Карповичтің шәкірттеріне үш ұпайдан айырылып қалу қауіпі де төніп тұр.

Қазір команданың мотивациясы да қалмаған тәрізді. «Атыраудағы» ойында сол жағы байқалды. Мұндай матчтарда кімнің құлшынысы жоғары, сол жеңеді. Осы жолы «мұнайшылардың» мотивациясы басым болған тәрізді. Жеңіс добын Сигневич кіргізді.

"Атырау" фк баспасөз қызметі

Ойын қызықты өтті.  Доп екі командаға тез ауысып жатты. Қауіпті шабуылдар аз болды. Біздің алаңның жағдайы бәрі жақсы біледі. Сондықтан дәл пас беру оңай емес. Бапкерлер штабының ойыншыларға көңілі толады. «Елімай» да жеңіле салғысы жоқ. Екі команда да соңына дейін тырысты. Матч соңына қарай біздің жолымыз болып, жеңіс голын соқты. «Елімай» алдына үлкен мақсат қойып отырған команда. Осындай ұжым жеңу әрине абырой. Бізді қолдаған жанкүйерлерімізге алғыс білдіремін. Алда «Астана» және «Жетісумен» матчтар бар. Ең бастысы, осы жеңістен кейін дұрыс қалпымызға келу, - дейді «Атырау» бапкері Виталий Жуковский.

«Ордабасы» (Шымкент) – «Жеңіс» (Астана) – 1:2

Голдар: Лукас Будински, 7 (0:1). Адильо, 29 (0:2). Всеволод Садовский, 66 (1:2).

«Ордабасы»: Сергей Игнатович (Қ),  Гафуржан Сүйімбаев​, Темірлан Ерланов, Игорь Пластун, Кристиан Товар (Шохбоз Умаров, 46), ​Сұлтанбек Астанов, Асхат Тағыберген, Евгений Макаренко (Самат Жарынбетов, 69)​, Бауыржан Исламхан,  Еркебұлан Тұңғышбаев (Максим Федин, 59), Артем Беседин (Всеволод Садовский, 59);

«Жеңіс»: Мирослав Лобанцев (Қ), Сағи Совет (Берік Айтбаев, 81), ​Марин Беланчич, Кристиан Новак, Зураб Тевзадзе, Матия Ром,  Сергей Волков, Джоао Рибейро Лукас Будинский (Георгий Панцулая, 65),  Адилио Дос Сантос, Бруно Мигел (Владислав Прокопенко, 87);

Төрешілер: Рустам Омаров (Алматы), Амангелді Жүсіпов (Тараз), Антон Сысоев (Көкшетау);

VAR төрешісі: Сергей Гороховодацкий (Алматы);

AVAR төрешісі: Самат Тергеусізов (Алматы);

Қосалқы төреші: Муродбек Халилов (Шымкент);

Инспектор: Александр Горда (Көкшетау).

 «Ордабасы» тіпті «Астанадан» ұтылғанның өзінде чемпиондықтан үмітін үзбеген еді. Бәрі өз қолында болған. Ал қазір олай емес. Сырт алаңда Қостанайдың «Тобылынан» жеңілді. Осы жолы тіпті ұят болды. Өз алаңында турнирдің соңғы жағында жүрген «Жеңіске» есе жіберді.

Матчтан кейін «Ордабасы» капитаны Асхат Тағыберген эмоцияға ерік беріп, жанкүйерлердің бірін төбелеске де шақырды.

«Жеңістің» ұпайы түгел. Астана командасы бірінші таймда екі гол соғып, мәселені шешіп алды. Команда келесі маусымда премьер-лигадағы жорығын жалғастырады.

Бір жолын болмаса да қиын. Шымкент командасы алғашқы кезеңде пенальти тебуге мүмкіндік алған. Бірақ Бауыржан Исламхан мүлт кетті. Үзілістен кейін Всеволод Садовскийдің голы тіпті тең нәтижеге де жеткіліксіз болды.

Осы матчтан кейін «Ордабасы» бапкері Кирилл Кеккер қызметінен кетеді деген. Бірақ қырғызстандық маман жұмысын жалғастыра беретін болды.

«Шахтер» (Қарағанды) – «Қызылжар» (Петропавл) – 1:1

Голдар: Сенин Себай, 18 (0:1). Айбар Абдулла, 38 (1:1).

Алаңнан қуылды: Лайонел Адамс, 25  («Шахтер»).

«Шахтер»: Егор Цуприков (Қ),  Ескендір Қыбырай, Александр Мигунов, Шахсұлтан Зубайділдә, Лайонел Адамс, Дмитрий Рыжук,  Абылайхан Назымханов, Роджер Каньяс, Айбар Абдулла (Аңсар Алтынхан, 81),  Имеда Ашортия, Айдос Тәттібаев (Евгений Козлов, 90+2);

«Қызылжар»: Александр Довгаль (Қ), Ардақ Сәулет, Ұлар Жақсыбаев​, Мәди Хасейн (Владислав Сорокинс, 66), Юрий Бушман​, Евгений Березкин, Рафаэль Сабино (Рафаиль Оспанов, 84), Душан Йованчич, Рубен Бриджидо (Андрия Дрльо, 75), Лука Имнадзе, Сенин Себаи;

Төрешілер: Болат Сариев (Орал), Турсымбаев Тимур (Астана), Мортин Никита (Ақтөбе);

VAR төрешісі: Саят Суликанов (Ақтөбе);

AVAR төрешісі: Нұржан Жүнісов (Астана);

Қосалқы төреші: Михаил Бильдинов (Қарағанды);

Инспектор: Эдыген Юмашев (Астана).

Турнир кестесінде ешқандай маңызы жоқ ойын. Сондықтан жанкүйерлерге де, мамандарға да қызықты болды деп айта алмаймын. «Шахтер» келесі жылы бірінші лигада ойнайды. Ал «Қызылжар» премьер-лигада қалу жоспарын орындап тастады. Ойын да тең дәрежеде өтіп, есеп 1:1 есебімен аяқталды. «Шахтер» 70 минутқа жуық бір ойыншыға кем ойнаса да, бір ұпайға қол жеткізді.

Қарағандылық ұжым бір тұтас ұжым екендерін көрсетіп, барынша қарсылық көрсетті. Барлық бос кеңістікті жауып, гол соғуымызға мүмкіндік бермеді. Өкінішке қарай, бірінші таймда қаншама мүмкіндікті мүлт жібердік. Гол соғудағы дәлдік жетіспеді. Екінші таймда тағы өзгеріс жасап көріп едік, бәрібір болмады. Екі жарым жылдан бері осы мәселені шеше алмай-ақ қойдық.  Бұл жалғыз біздің емес, көптеген клубтың ортақ мәселесі. Егер гол соқпасаң, әлбетте ұпай да болмайды. Гол ұпай әкеледі. Бұған қарамастан жігіттерге рахмет айтамын. Қарсылас та 10 футболшыға қалса да, жақсы нәтиже көрсетті, - дейді «Қызылжар» бапкері Әли Әлиев.

 

«Тұран» (Түркістан) – «Қайсар» (Қызылорда) – 0:1

Гол: Айбар Жақсылықов, 71-пенальтиден (0:1).

Алаңнан қуылды: Горан Милойко, 59 («Қайсар»).

«Тұран»: Владислав Василючак (Қ),  Марко Николич, Виктор Велкоски, Иван Хомуха, Павел Киреенко,  Антонио Жаколиш (Рифат Нурмугамет, 80), Артем Дмитриев, Александр Мишов (Леонардо Вака, 46), Рахат Усипханов (Әлішер Сүлей, 72) – Артем Архипов (Батыр Мукашев, 80), Никола Цуцкич (Пларент Фейзай, 46);

«Қайсар»: Степан Сикач (Қ),  Қуаныш Қалмұратов (Йован Пайович, 94), Виталий Приндета (Герман Камени, 15), Руслан Юденков, Георгий Кобуладзе, Думан Нәрзілдаев, Дмитрий Бородин, Горан Милойко, Дидар Жалмұқан (Шохназар Норбеков, 46), Айбар Жақсылықов, Елжас Алтынбеков (Василий Совпель, 46);

Төрешілер: Сәкен Байымбет (Тараз), Ардақ Дауанов (Алматы), Иван Навроцкий (Астана) ;

VAR төрешісі: Бағдат Абдуллаев (Қаратау);

 AVAR төрешісі: Тимур Кумашев (Астана);

Қосалқы төреші: Илашбек Орунбаев (Түркістан облысы);

Инспектор: Николай Бублинский (Қарағанды).

Бұл да «Шахтер» мен «Қызылжар» матчы секілді турнир кестеде маңызы болмаған ойын. Дегенмен «Тұранның» Түркістандағы стадиондағы оңайшылықпен жеңілмейтінін ескеру керек.  «Қайсар» да қарап қалмай, біраз шабуыл ұйымдастырды. Бірақ гол соғуға жақын болғанымен, тараптар матч барысында көзге түсе алмады. Тек екінші таймның орта тұсында пенальтиден Айбар Жақсылықов мергендік танытып, Қызылорда командасына үш ұпай сыйлады.

 

«Астана» (Астана) – «Ақтөбе» (Ақтөбе) – 2:0

Голдар: Усман Камара, 8 (1:0).  Назми Грипши, 17 (2:0).

«Астана»: Йосип Чондрич (Қ),  Ян Вороговский, Александр Марочкин, Кипрас Кажуколовас, Карло Бартолец, Макс Эбонг, Алекса Аманович, Назми Грипши (Бранимир Калаица, 86),  Усман Камара, Чинеду Джеффри (Рамазан Кәрімов, 69, Ннамди Аханону, 91), Марин Томасов;

«Ақтөбе»: Игорь Шацкий (Қ), Богдан Вэтэжелу, Габи Кики, Әділхан Таңжарықов, Дмитрий Бессмертный (Хосе Севальос, 46) – Леонел Струмия, Уче Агбо, Арман Кенесов (Матео Барач, 82) – Фредди Гондола, Идрис Умаев (Амаду Думбия, 65), Дорни Ромеро;

Төрешілер: Александр Затула (Өскемен), Рустам Бейжанов (Петропавл), Евгений Кольев (Павлодар);

VAR төрешісі: Антон Кучма (Көкшетау);

AVAR төрешісі: Сергей Васютин (Алматы);

Қосалқы төреші: Біржан Сержанұлы (Алматы);

Инспектор: Қайрат Сламбеков (Алматы).

«Астананы» қазір тоқтату қиын болып тұр.  Григорий Бабаян шәкірттері жазда турнир кестесінде 8-9-орындарда жүрген. Ал қазір екінші орынға көтерілді. Енді «Атырауда» жеңсе, тіпті бірінші  орынға шыға алады. Команда соңғы 9 матчтың сегізін жеңген. Мүмкін болған 27 ұпайдың 25-ін еншіледі.

Осы жолы Бабаян «Ақтөбе» үшін Конференция лигасын құрбандыққа шалды.  Уэльстегі матчқа Абзал Бейсебеков, Исламбек Қуат сияқты алаң шыға қоймайтын футболшыларын жібере салды. Легионерлері Алматыда қалып, «Ақтөбемен» кездесуге дайындалды. Бұл матчты қатты күткендері байқалып тұр, 17-минуттың ішінде екі гол соғып үлгерді. Усман Камара мен Назми Грипши мергендік танытып, жеңісті жұлып алды.

Команданың матч бойында көрсеткен өнерін ерекше айта кету керек. Алғашқы 20 минутта қарсыласқа еш мүмкіндік бермедік. Соның арқасында 2 гол салынды. Кейін есеп қолайлы болған соң шығар кішкене қарқынымыз баяулай бастады. Екінші таймда да гол соғатын сәттеріміз көбейген еді. Бірақ пайдалана алмадық. Жалпы алғанда бұл біз үшін маңызды жеңіс. Қазір күнтізбе өте тығыз.  Рамазан Кәрімовтен басқа футболшылардың бәрі жарақаттан аман. Соған қуандық. Сәрсенбі күні «Атыраумен» ойнаймыз. Уақыт тығыз, жаттығу жасап, дайындалу керек, - деді «Астана» бапкері Григорий Бабаян.  

 

Айдана Мұрат
Бөлісу: