Астана-Бурабай бағытындағы туристік пойыздың алғашқы сапарын сәтті орындады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана мен Бурабай арасында аялдамасыз қатынайтын жаңа туристік пойыз іске қосылды. Пойыздың жол жүру уақыты – 2 сағат 26 минут.
6 вагоннан тұратын пойыз 574 жолаушыға арналған. Пойызда микроклимат жүйесі, USB-рәзетке, ойын-сауық контентіне қолжетімді Wi-Fi желісі, велосипедтерге арналған бекіткіштер бар. Сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар жолаушылар үшін арнайы көтергіштер мен орындар қарастырылған.