«Астана – бейбітшілік пен достықтың бесігі» есептік концерті

19 Мамыр 2018, 11:59 1378

 

19 мамыр күні сағат 16.00-де Талдықорған қаласы, І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Астананың 20 жылдығына арналған «Астана – бейбітшілік пен достықтың бесігі» атты «Өрнек» би ансамблінің есеп-беру концерті өтті.

Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев:  «Біз достықты қазақстандықтар барлық буынының  басты  игілігі  ретінде  сақтай білдік.  Біздің  бірегей  жолымыз  –  тең құқықтылық,  бір  шаңырақ  астында өмір сүретін барлық этностың бірлігі мен келісімі халықтың тілек қалауымен  таңдалды», – деген болатын. Біздің мемлекетіміздің басты  жетістігі  еліміздің  этносаралық және конфессияаралық  келісімі,  өзара түсіністігі мен сыйластығы қалыптасқан. Оның бір дәлелі бүгінгі шара.

2009 жылы құрылған Өрнек би ансамблінің құрамында 5 этностың өкілі бар, сонымен қатар, ансамбльдің репертуары Қазақстанда тұратын әр этностың ұлттық билерімен толықтырылған. Карпова Алена Ивановнаның тәлімгерлері жеткен жетістіктері де жетерлік. Атап айтсақ, 2016 жылғы «Өнерім – өмірім» республикалық байқауының Гран-при, дәл осындай биылғы жылғы облыстық байқауда 1 орын иегерлері атанды. 2018 жылы ансамбльді 6 тәлімгер бітіріп шықпақ.

Есепті концертте әр этностың мәдениеті мен биі ұсынылды. Сонымен қатар, жыл бойы белсенділік танытып, облысымыздың мәдени дамуына үлес қосып жүрген тәлімгерлер мен жетекшілер марапатталды.

«Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» директоры Тәңірберген Қасымақынұлы құттықтау сөз сөйледі.

Бөлісу: