Астана автобустарында билетсіз жолаушыларды анықтайтын камералар пайда болды

13 Маусым, 11:07 644

«City Transportation Systems» ЖШС «Астана қаласының қоғамдық көлігіндегі бейнеаналитика жүйесі» инновациялық жобасын іске қосады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі.

Жобаның мақсаты - жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту, билетсіздер санын азайту және қоғамдық көліктердегі қауіпсіздікті арттыру.

Жобаның пилоттық кезеңі аясында 2 мамырда №24 маршруттың бір автобусында нақты уақыт режимінде деректерді талдауға мүмкіндік беретін камералар, роутерлер және борттық компьютер орнатылған. Әр есікке қарама-қарсы орналасқан камералар кірген жолаушылардың санын есептеп, төлем туралы мәліметтерді салыстырады. Бұл билетсіз жолаушылар санын, маршруттың уақыты мен учаскелерін дәл анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ нақты уақыттағы ақпарат CTS көліктік бақылау департаментіне түседі, - делінген мәліметте.

Бейнебақылау пилоттық жобасы іске қосылған сәттен бастап бір автобуста жүйемен 2 мыңнан астам билетсіз жол жүру жағдайы анықталды. Бұл пилоттық жоба болғандықтан, жолаушыларға айыппұл салынбаған.

CTS-те жобаның толық іске қосылуы мен іске асырылу барысы туралы қосымша хабарланады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: